Облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтының жоспарына сай Исатай ауданы Абай атындағы орта мектеп базасында экспериментатор-мұғалімдерге арналған «12-жылдыққа көшу жағдайында педагогтардың біліктілік шеберлігін көтеру» тақырыбында семинар-курс ұйымдастырылды.
Курсқа 12-жылдық білім беру бойынша эксперимент алаңдары болып табылатын Атырау қаласындағы Қ.Сатпаев атындағы о/м, Құрманғазы ауданындағы Абай атындағы о/м, Махамбет ауданындағы Есбол о/м, Мақат ауданының Б.Қанатбаев атындағы мектептерінен 37 мұғалім қатысты. Курс барысында тыңдаушылар 12 жылдық білім беруді жүзеге асырудағы басшылыққа алынатын нормативтік құжаттармен, ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен, эксперименттерді мектеп өміріне енгізу, ұйымдастыру және жүргізу әдістемелерімен, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау Ережесінің жобасымен, Мұғалім және оқушы портфолиоларымен, жобалай оқыту технологиясымен, қазіргі нәтижеге бағдарланған білім беру жағдайында мұғалімге қойылатын талаптармен танысты. Курс барысында ұйымдастырылған семинарда Абай атындағы мектеп экспериментаторлары панорамалық сабақтар көрсетіп, шығармашылық жұмыстарын қорғады
12 Мамыр 2021
Жаңалықтар