Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Орта білім департаменті бекіткен кестеге сай Атырау облысында 22 қаңтарда Республикалық интерактивтік сабақ өткізілді. Сабақты Атырау қаласы №16 Ж.Қаражігітов атындағы орта мектебінің жоғары санатты информатика пәні мұғалімі, ІІІ Республикалық «Алтын диск» байқауының ІІ орынды жүлдегері Санатова Гүлбаршын Утеуліқызы 9 сыныпта «Жиым. Бір өлшемді жиымдар» тақырыбында өткізді. Интерактивті сабаққа республиканың 311 мектебі қатысты.
Сабақ соңында 15 мектеп өз пікірін білдірді. Олар: Алматы облысы 128 орта мектебі, 164 орта мектебі, Іле №13 орта мектебі, Ескелді Шоқан орта мектебі, Маңғыстау облысы Жумалиев атындағы орта мектебі, Атырау қаласы №31, №5 орта мектептері, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Аманшин орта мектебі, Индер ауданы М.Ауезов атындағы орта мектебі, Қостанай облысы Қостанай №16 орта мектебі, Қостанай облысы Наушабаев орта мектебі, Арқалық №13, Жамбыл облысы М.Әуезов орта мектебі, Ақтөбе облысы Шалқар орта мектебі, Қарағанды облысы №13 орта мектебі. Сабақ барысында байланысқа Құрманғазы ауданы Абай атындағы орта мектебі, Исатай ауданы Абай атындағы орта мектептері оқушылары шығып, тапсырмаларды тиянақты орындады. Біздің облыс бойынша барлығы 18 мектеп байланыста болды.
