16 Қаз 2020
Жаңалықтар

«Ұстаз жолы-ұлы жол»

Желтоқсаннын 12- ші жұлдызында мектебімізде «Үздік жас мұғалімі -2019» атты жас мұғалімдер арасында мектепішілік сайыс өткізілді.

Сайыс өте қызықты мағыналы өтті.Жас ұстаздар сайыстың шарттары бойынша жақсы дайындықтарын көрсетті.Таныстыру және өнер, Ашық сабақ
Эссе (300 созден кем емес)
Ситуациялык сурактар…
Шығармашылық жұмыс (жоба, өнім, баяндама)
өнер көрсету кезеңдерінде мұғалімдер өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді.Жас болса да ұстаз деген атқа лайық жас мамандар педагогикалық жағдаяттардан ұтымды ойларын білдіріп жақсы шыға білді.Сабақ жоспарын құру барысында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып педагогикалық шеберліктерін көрсетті.Нәтижесінде белсенді қатысып ерекше көзге түскен мектеп тәлімгері Бағытова Аниель Ернарқызы I орынға ие болды. Сонымен қатар сайыс қорытындысы бойынша қалалық сайысқа жолдама алды!!!!. Сайысқа қатысқан барша Жас мұғалімдерге алдағы еңбек жолдарында шығармашылық табыс тілейміз!