16 Қаз 2020
Жаңалықтар

«Білім басы бастауышта қаланар» ЖУЫРДА ҒАНА, АНЫҒЫРАҚ АЙТҚАНДА 14-21.01 АРАЛЫҒЫНДА МЕКТЕБІМІЗДЕ БАСТАУЫШ ПӘН БІРЛЕСТІГІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУМЕН «БІЛІМ БАСЫ БАСТАУЫШТА ҚАЛАНАР» АТТЫ АПТАЛЫҚ ӨТКІЗІЛДІ.

Оның ішінде апталықтың ашылу салтанатынан басталып, оқушыларға арналған дәліз қабырғасы толы шығармашылық тапсырмалар бой алды.Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған 1 – ші сынып оқушылары да алған білімдерін қолдана отырып, жүлделі орындарға ие болды.Аталған уақыт ішінде көптеген шаралар мен сайыстар, білім сабақтары, ата-аналарға арналған тренинг, әріптестер арасында тәжірибе алмасу мақсатында коучинг өткізілді.Негізгі білім мен қатар тәжірибені де, қазіргі өмірмен байланысты да, топтық және шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыратын бұл жұмыстар әлі жалғасын табады.Әдістемелік бірлестік жетекшісі Мусиева А.К.