16 Қаз 2020
Жаңалықтар

"Ұлы Даланың Ұлы Перзенттері"

Жалпы білім беретін №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектепте "Жас Өрен" қоғамдық бірлестігімен бірге өткізілген "Ұлы Даланың Ұлы Перзенттері" атты бір топ спорт майталмандарымен кездесу өтті.

Атап айтсақ Ержан Салімгереев Халықаралық дәрежедегі спорт шебері;Азия ойындарының чемпионы, Ерлан Казиев Үстел теннисінен ҚР-ның спорт шебері,Ишин Алексей Михайлович Пауэрлифтингтен Азия және әлем чемпионы. Кездесу еркін әңгімелесу түрінде өткізіліп, оқушыларымыз сұрақтар қоя отырып, спортшылардың өмірі туралы көптеген қызықтарды, жеңіске қалай қолжеткізгендігі туралы білді.

Кездесу барысында спортшылар оқушыларға спортпен айналысатын болса қандай жағдайларға назар аудару, салауатты өмір салтын ұстану қажеттігін және өздері барған әлем қалалары мен халқының ерекшелігі туралы айтып, «Жетістік кілті — табандылықта», – дей отырып, алға қойған мақсаттары ауқымды екенін де жасырмады. Кейін Үстел теннисінен КР-ның спорт шебері Ерлан Казиев шеберлік ойынын көрсетті. Кеш соңында қонақтар ең үздік сұрақ қойған оқушыларға кітап ұсынып қолтаңба жазып тілектерін білдірді. 
Кездесуден кейін әрбір оқушы көкірегінде туған жерге деген зор сүйіспеншілік, салауатты өмір салтын сақтай отырып спортпен айналысуға деген құлшыныс, ешбір жанға ешқашан таптатуға болмайтын Ар мен Намыс ұғымын жоғары қоюға деген талпыныс пайда болды. Ең бастысы, кездесуді ұйымдастырудағы мақсат осы болатын. Бүгінгі кездесу өтуіне мұрындық болған "ЖАС ӨРЕН" қоғамдық бірлестігіне алғыс айта отырып шығармашылық табыстар тілейміз!!!!