Бастауыш сынып жетекшісі Сүндетова Балия Құсайынқызының "Адами қарым-қатынас ізгіліктері" атты оқушылар және ата-аналарға өткізілген коучинг.
Ұлы Абай атамыз «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен.Әрбір ата-ана перзентінің әдепті,инабатты,иманды болуын қалайды.Ата-ана қазіргі қарбаласы мол заманда өмір сынақтарынан сүрінбей өтіп,өмірден өз орындарын табуды қалайды.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-туған ұясы, отбасы тәрбиесі.Ал баланың алғашқы ұстазы-ата-ана. «Бала ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі»-деп тегін айтылмаса керек.Бала барлық жақсы,жаман қаиеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді.Егер отбасында ата-ана,отбасы мүшелері арасында адами қарым –қатынас жақсы орнаса,бала мінезі жақсы қалыптасып,жасқаншақ болмай,өз ортасында басын тік ұстап,өзін сол ортаның бір мүшесі екенін сезініп,болашаққа нық қадам бастынынына сеніміміз мол болады деген.